Былтыр Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара сауда көлемі 705 млн долларға жетті.
Елге тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $59 млн құрап, 39%-ға өсті. Тараптар ендігі жерде әріптестік қарқынын арттыруға құлықты. Бұл туралы Астанаға арнайы келген Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш сапарында айтылды. Әріптесін үкімет басшысы Олжас Бектенов қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, энергетикалық, көлік-логистикалық салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Қазақ-чех өзара әріптестігінің ең берік негіздерінің бірі өнеркәсіптік кооперация. Мұнда сервистік хабтарды дамыту және өндірісті локализациялауға баса назар аударылған. Аса маңызды минералды ресурстар бойынша терең өңдеуді дамытуға, технологиялар трансферіне мән беріледі.
Тегтер #Қазақстан #Чехия #ынтымақтастық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz