RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандықтардың шығысы табысынан тез өсіп жатыр

28.04.2026, 19:10 25

Қазақстандықтардың шығысы табысына қарағанда тез өсіп жатыр.

Бұл үрдіс әсіресе өңірлерде анық байқалады. Статистика ел азаматының кірісі қаржылық тұрақтылық бойынша қауқарсыз екенін көрсетіп отыр. Сонымен ақша қайда кетіп жатыр? 

Былтыр қазақстандықтардың кірісі белсенді түрде өскен. Алайда шығын одан да асып түсті.

Финпром агенттігі ауқымды сараптамалық талдау ұсынды. Ондағы дерек бойынша 2025 жылы қазақстандықтардың кірісі жан басына шаққанда орта есеппен 1 жарым млн теңгеге жетіп, 9,2%-ға өсті. Ал шығыс 1,3 млн теңгеге жетіп, 9,9%-ды құрады. Кірістің құрылымына тоқталсақ, басты бөлігін жалдамалы жұмыс саласы алады. Сарапшылар кіріс көзін әртараптандыру төмендегенін атап өтті.

2025 жыл

Кіріс - 1,5 млн тг. 9,2% ↑

Шығыс - 1,3 млн тг. 9,9% ↑

Кірістердің құрылымы:

Жалдамалы жұмыс - 66,7%  

Статистика өңірлер арасындағы алшақтық артқанын көрсетеді. Мысалы, былтыр 1 млн 900 мың - 2 млн теңгеге дейінгі ең көп табыс Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тіркелді. Түркістан облысында кіріс бұдан екі есе аз. Жетісу облысында тұрғындардың кірісі шығысынан 5,8% төмен болған. Ал, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында керісінше, оң көрсеткіш бар. Ондағы әр тұрғынның орташа табысы кірісінен 30%-ға артқан.

2025 жыл

Астана қаласы - 2 млн тг.

Алматы қаласы - 1,9 млн тг.

Қарағанды облысы - 2 млн тг.

Түркістан облысы - 922 мың тг.

Жетісу облысы - 1,1 млн тг.

Қостанай облысы - 1,8 млн тг.

БҚО - 1,5 млн тг.

Қазіргі динамика осындай. Шығыс көлемімен салыстырғанда кіріс мардымсыз көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерге тәуелділік артқан. 

Жанат Нұрғалиев, экономист:

- Ол немен байланысты? Біріншіден, инфляцияның жоғары деңгейі. Баға өсіп жатыр бүкіл тауарлардың, қызметтердің. Халықтың табыстары өспей жатыр. Ресми деректерді қарасақ жалақының нақты өсімін қарасақ төмен деңгейде. Инфляция деген не? Бізде импортный инфляция болады. Мысалы сосын геополитический саясат болады.  

Базалық мөлшерлеме төмендесе бизнес үшін жеңілдетілген несиенің қолжетімділігі артар еді. Экономистер бизнесті қаржыландырудың тиімділігін айтады. Сонда субсидиялау бағдарламаларына қаржы жұмсауды азайтып, нақты кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік молаяды.

Жанат Нұрғалиев, экономист:

- Қазіргі кезде бізде субсидированный ставкалар, сельхоз субсидирование деген көп ақша бөлінеді. Бірақ ол нақты мақсатқа жетпей жатыр. Егер төмен базалық ставка болса, жеңілдетілген несиені алуға мүмкіндік болады. Ешқандай субсидия керек болмайды. Біз ойлаймыз жоғары инфляция ол біздің үлкен проблема. Егер базалық ставканы төмендетсек инфляция одан да артады деп. Одан өту керек бізге. Потому что қазіргі кезде экономикаға қаржы керек.   

Тұрғындар шығынының артуына маркетингтің де әсері бар. Кейде жарнама адамдарды негізгі қажеттіліктерден тыс ақша жұмсауға итермелейді. Қаржыгер Расул Рысмамбетов осылай дейді. Қазақстан банк жүйесі дамыған ел болғандықтан, несие алуға да кедергі жоқ. Тұрғындар онлайн несие, бөліп төлеудің ыңғайлылығына үйренген. Тіпті, жастардың кредит алуы жиілеген.

Расул Рысмамбетов, қаржыгер:

- Маркетингтің әсерінен біз өмір сапасына, білім алуға, денсаулық сақтау саласына және жайлы тұрмысқа едәуір қаражат жұмсаймыз. Банк жүйесі жақсы дамыған ел ретінде бізде несие алуға мүмкіндік қолжетімді. Несие табыс пен шығын арасындағы айырмашылықты белгілі бір деңгейде реттейді, бірақ бұл құбылыс жүйелі сипат алып барады. Несие алушылардың жасы да айтарлықтай жасарғаны байқалады. 

Енді халық артық қарызға батпауы үшін мемлекет нақты шара енгізді. 1 шілдеден бастап несие беру талаптары қатаңдайды. Банктер қарыз алушылардың төлем қабілетін мұқият бағалайды. Негізгі өзгеріс – ресми табысқа басымдық беріледі: зейнетақы аударымдары мен медициналық сақтандыру деректері ескеріледі. Тұрақты табысы расталмаған азаматтарға несие алу қиындайды. Жаңа ережелер қаржылық тығырыққа тірелу қаупін азайтады.     

Жанат Нұрғалиев, экономист:

- Заңға бірнеше енгізілді. 1 шілдеден бастап банктен тұтынушылық кредит алу, ипотекалық несие алу қиындайды. Біріншіден табысты дәлелдеу керек. Долговая нагрузка айтамыз ғой залықтың долговой нагрузка төмендету үшін осындай жолға қазір мемлекет шығып жатыр. 

Сөз соңында қаржы маманынан бірер кеңесті біз де қаперге ілдік. Жоспарсыз сауда жасауға шыққан адам 20% артық ақша жұмсайды. Шығындарды алдын ала бекіту маңызды. Ипотека, несие, коммуналдық төлемді кешіктірмеу - басты міндет. Сосын қанша табыс тапса да, ақша жинауды әдетке айналдырған адам ұтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz