Үржардың диқандары қауын мен қарбыз егіп жатыр. Биыл 1300 гектарға бақша салған.
Жалпы егістік бұл ғана емес. Шаруа баққан ағайын қазірдің өзінде 40 мың гектар алқапқа тұқым сеуіп үлгірді.
Елтай ауылының тұрғыны Ораш Жұмашев көктемгі науқанды ерте бастап кетті. Шаруаның қос жылыжайы бар. Қауын мен қарбыз көшеттерін көктемнен бастап өсіріп, кейін ашық алқапқа егеді. Қазір жылыжай ішінде 30-35 мыңға жуық қауын-қарбыз көшеті жайқалып тұр. Бұл тәсіл өнімді әдеттегіден бір ай бұрын алуға мүмкіндік береді. Көктемнің ерте келуі мен мол жауын-шашын да диқандарға қолайлы жағдай жасап отыр.
Ораш Жұмашев, Елтай ауылының тұрғыны:
- Бір гектарға 7 мың түп кетеді. Қарбызымыз бар, діңкеміз бар, қиярымыз бар. Жүгері егеміз азын-аулақ осы Үржар көлемінде сататындай. Бұның тиімділігі бір ай кішкене алдыда жүреміз. Былай еккеннен қарағанда сол жағынан тиімді.
Денис Левченко да егін шаруашылығымен айналысады. Иелігінде 3 жарым мың гектар жер бар. Оның 2000 гектарына бидай егіп, қалғанында күнбағыс өсірмек.
Денис Левченко, шаруа:
- Осы жылда көктем тез келді. Қар тез кетті. Бес күн бұрын қатты жаңбыр өткен болатын. Енді қазір условиясы жақсы болып тұр. Біз бидайды егіп бастадық.
Жалпы Үржар ауданында мыңға жуық шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады. Биылғы егіс науқаны 114 мың гектар жерді қамтып отыр.
Ерзат Болатов, Үржар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Кең дала 2 бағдарламасы бар. Бұл енді тікелей бес пайызбен көктемгі және күзгі егін жұмыстарына арналған жеңілдетілген несие бар. Бұл бойынша шаруа қожалықтары бес пайызбен несие алып, жанар-жағармайын, тұқымын алады. Тыңайтқыштарын алады, жұмысшыларының еңбекақысын төлеу секілді бағыттарға қолданып жатыр кеңінен.
Жалпы Абай облысы бойынша дала жұмыстары шамамен 700 мың гектар алқапта жүргізілмек.
Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков
Тегтер #Үржар #қауын #24KZ #Таңдаулы #егіс науқаныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz