Қазақстанның автоөнеркәсібі қарыштап дамып келеді.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 563,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,5% жоғары көрсеткіш. Машина жасау саласындағы автокөлік өндірісінің үлесі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 43,1%-ға жетті. Былтыр оның үлесі 39,7% болған. Саланың тың серпін алуына не себеп? Қазақстандағы зауыттар қандай басымдыққа ие? Жалпы биыл елімізде қанша көлік жасалды?
Қазақстанда статистика түрлі әдіспен жүргізіледі. Біріншісі жалпы елімізде өндірілген техникалардың санын есептейді. Оның ішінде жаңа сіз айтқан автокөліктермен қатар тіркемелер мен жартылай тіркемелер бар. «Қазақстанның Автокөлік Одағы» деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 45 мыңнан астам техника өндірілді. Биылғы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% артық. Ал 2026 жылдың наурыз айында 17 жарым мың техника шығарылды. Бұл 2025 жылдың наурызымен салыстырғанда 43% шамасында және ағымдағы жылдың ақпан айымен салыстырғанда 20%-ға жуық жоғары. Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева саладағы оң үрдіс сақталады деген пікірде.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы
Шығарылған техника – 45 260 бірлік
Өсім – 36,8%
Наурыз айында шығарылған техника – 17 462 бірлік
Өсім – 42,8%
Ақпан айы – 19,9% ӨСІМ
«Қазақстанның автокөлік одағы» дерегі
«Алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша қазақстандық автоөнеркәсіп тұрақты өсім көрсетіп отыр. Наурыз айындағы жоғары динамиканың сақталуы саладағы оң үрдістерді растайды. Автокомпоненттер сегментінде де айтарлықтай өсім тіркелді. Үш ай ішінде автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтарының өндіріс көлемі 259,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артты. Өндірушілер бұл сегментте қарқынды арттыра түседі».
Анар Мақашева, ҚАО президенті:
- Ал енді жаңа сіз айтқан сұраққа, яғни, тікелей автокөліктерге тоқталсам. 2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан кәсіпорындары 42 мыңнан астам жеңіл автокөлік жасап шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38% көп. Сонымен қатар жүк көліктерінің өндірісі 1380 бірлікке, автобустар өндірісі 750, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі 904 бірлікке жетті. Барлығында өсім тіркелген. Тек арнайы және мамандандырылған техниканың өндірісі 111 бірлікке дейін төмендеді. Автосарапшы Ербол Сепілов бұған елімізде өндіріс орындарының көптеп ашылуы себеп дейді.
АВТОКӨЛІК ӨНДІРІСІ
жеңіл автокөлік – 42 115 БІРЛІК
ӨСІМ – 37,9%
жүк көліктері – 1 380 бірлік
ӨСІМ – 16,7%
Автобус – 750 бірлік
ӨСІМ – 73,2%
тіркемелер мен жартылай тіркемелер – 904 бірлік
ӨСІМ – 21%
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ» ДЕРЕГІ
Ербол Сейпілов, автосарапшы:
- Алматы қаласында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan компаниясы және де Kia Qazaqstan компаниясы өз зауыттарын салды. Жаңағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan компаниясы жылына 120 мыңға жуық автокөлік шығаратындай күші бар. Және де қостанай қаласындағы Kia Qazaqstan осы қазан айында іске қосылды. Бұл зауыт та 70 мың автокөлік шығаратын мүмкіндігі бар.
Сарапшының сөзін сандармен өрбітсек. Мәселен, Биылғы үш айда Қостанайдағы автокөлік зауыты 14 мың автокөлік өндірді. Ал Алматыдағы өндіріс ошағы 12 мыңнан астам техника шығарды. Семейде 627 жүк көлігі жасалған. Бұған отандастардың сұранысы жоғары болуы әсер етіп отыр.
Артур Мискарян, автосарапшы:
- Қазақстандағы жаңа автокөлік сатып алушылардың басым бөлігі әлі де консервативті. Көпшілігі Hyundai, Kia, Chevrolet сияқты бұрыннан таныс брендтерді таңдайды. Бұл брендтер қызмет көрсету тұрғысынан да, кепілдіктен кейінгі сервисте де, қайта сату құны жағынан да тиімді және сенімді болып саналады.
Дегенмен, автонарық сарапшысы Санат Нұрбай болса болашақта нарықтағы жағдай өзгеретініне сенімді. Себебі қытайлық автоөндіріс жаңа тренд алып келеді дейді ол.
Санат Нұрбай, автосарапшы:
- Енді болашақта черри тиго алып жүрсіз. 3-4 жыл айдайсыз. Одан кейін сізге оның қосалқы бөлшектері қымбатқа шығып кетеді, таба алмауыңыз мүмкін. Сондықтан сіз оны елу пайызбен апарып өткізіп, черри тиго 8 емес ол кезде мәселен 12 шығып жатса, 12-сін алып жүре бересіз.
Яғни елдегі автомобиль өндірісі де тұтынушыларға тиімді ұсыныс әзірлеп, нарықтағы өз орнын сақтап қалуға тырысуы тиіс. Сонда Қазақстанда жасалған көліктердің тасы өрге домалайды.
Тегтер #шолу #автокөлік #өндіріс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz