RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 17,5 мың долларға жетті

12.05.2026, 13:51 39

Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 17,5 мың долларға дейін жетті.

Халықаралық валюта қоры осылай деп бағамдап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 15 мыңға жуықтаған еді. Сондағы өсім 18,5 пайызды құрапты. Көрші елдермен салыстырар болсақ, Өзбекстандағы жалпы ішкі өнім 4  660, Қырғызстанда 3200, ал Тәжікстанда 1940 доллар шамасында. Қаржылық сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, қазақстандық жалпы ішкі өнімнің өсіміне шикізаттық емес сектор мен қызмет көрсету саласының дамуы айтарлықтай әсер еткен. Мәселен, өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігі артты. Сонымен бірге жүк тасу, қоймалау және көлік-логистикалық қызмет көрсету үлесі біршама ұлғайған. Оған қоса құрылыс, сауда, фармацевтика салалары жақсы көрсеткішке қол жеткізген. Инфляциялық каналдар арқылы экономикаға жағымды ықпал тигізген жайттар да бар, дейді Айбар Олжаев.     

Айбар Олжаев, қаржы сарапшысы:

- Теңгенің тұрақты болғаны, теңге курсының кішкене жоғары болғаны бес жүзден төмен, 480 болғаны бәрібір түпкі макроэкономикалық эффектіні алған кезде бізге анағұрлым пайдалырақ. Себебі инфляция бойынша және бізге көптеген инвестордың келе бастауы бізідң суверенді облигациялардың шетелдік нарыққа сатылуы, резидент еместер қазір көбірек сатып алуда біздің облигацияларды осының бәрі біздің ішкі қаржылық нарықтың қызып, оған көп ақшаның келіп, капиталдың көбеюіне алып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz