Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев East Hope Group компаниясының стратегиялық инвестициялар жөніндегі бас директоры Чен Леймен кездесті.
Кездесуде Қазақстанда өндірістік және энергетикалық нысандарды құруды көздейтін алюминий саласындағы ірі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, компания Қостанай облысында жалпы құны $10 миллиардтан асатын өндірістік кешенді іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба бокситтерді өңдейтін тау-кен байыту комбинатын, алюминий өндіретін электролиз зауытын және жел электр станциясын салуды қамтиды.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін растады.
Тегтер #инвестиция #Нұрлыбек Нәлібаев #24жаңалықтар #24KZ #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz