RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 32,9 млрд доллардан асты

15.05.2026, 17:54 45

2026 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 32 902,8 млн. доллардан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 10,5% көп, деп хабарлайды «24KZ».  

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экспорт – 17 992,2 млн. АҚШ долларын  (номиналды мәнде 9,4% көп), импорт – 14 910,6 млн. АҚШ долларын құрады (номиналды мәнде 11,8%). 2026 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда 7 306,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 17% өсті.

2026 жылғы қаңтар-наурыздағы тауарлар экспорты 1 975,1 млн. АҚШ доллары (6,5% аз), импорт – 5 331,3 млн. АҚШ доллары (28,9% көп) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 88,4%, Қырғыз Республикасына - 7,5%, Беларусь Республикасына - 3,8%, Армения Республикасына - 0,3% келеді. Еліміздің экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы 2026 жылғы қаңтар-наурызда мынадай тауарларға тиесілі: битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (44,4%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (7,7%), мыс кендері мен концентраттары (6,7%), ферроқорытпалар (3,6%), бидай және меслин (3,1%).

Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер (3,3%), жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (3,2%), электр генераторлық қондырғылар және айналмалы электр түрлендіргіштері (2,8%), дәрілік заттар (2,5%), телефон аппараттары (2,5%).

Қазақстанның экспорт бойынша негізгі әріптес елдері: Қытай (19,5%), Италия (17,2%), Ресей (8,3%), Түркия (7,4%), Өзбекстан (6,1%), Нидерланд (5,9%).

Қазақстанның импорттағы негізгі серіктес елдері: Ресей (33,3%), Қытай (29%), Германия (4,6%), АҚШ (4%), Корея Республикасы (2,7%), Түркия (2,2%).

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz