RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің экономикасына инвестиция тарту талқыланды

16.05.2026, 17:49 29

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша директоры Наджи Бенхассин бастаған халықаралық сарапшылармен кездесті.

Онда ел экономикасына салынатын инвестициялар ағынын ұлғайту шаралары қарастырылды. Тараптар табысы жоғары экономикаға көшу, өнімділікті арттыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Наджи Бенхассин еліміз тұрақты инвестициялық тартымдылықты сақтап отырғанын атап өтті. Сарапшылар тікелей шетелдік инвестициялар ағынын арттыру бойынша бірқатар ұсынысын да жеткізді. Еңбек өнімділігінің өсуі үшін инновацияларды енгізудің маңызды екені айтылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бизнес үшін экономикалық жағынан тартымды болуы тиіс әрі бұл жеке инфрақұрылымдық инвестициялардың әлеуетін ашуға көмектеседі. Сөз соңында Олжас Бектенов Үкімет өзара тиімді серіктестікті арттыруға бағытталған ұсыныстарға қашан да ашық екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz