Павлодар облысы Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың маңында гидрометаллургиялық зауыт ашылды, деп хабарлайды «24KZ».
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бұл өңірдегі ең жоғары технологиялы индустриялық жобалардың бірі екенін айтты.
Құны 11 млрд теңгеден асатын жоба өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытудағы қуатты қозғаушы күшке айналады. Кәсіпорын жергілікті мыс кенін өңдеп, жылына 5 мың тонна жоғары сапалы катодты мыс өндіреді. Бұл - энергетика, инфрақұрылым және жоғары технологиялық салалар үшін стратегиялық маңызы бар металл. 300-ден астам жұмыс орны ашылып, жүздеген отбасының тұрақты жұмыспен қамтылуына және әл-ауқатының артуына мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Кәсіпорында заманауи технологияларға ерекше көңіл бөлінген. Қолданылып отырған гидрометаллургиялық әдіс металды өндіру тиімділігін едәуір арттырып, өндірістің экологиялық қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан озық болуына мүмкіндік береді.
Тегтер #Павлодар облысы #экономика #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz