Биыл қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан мен Кенния арасындағы 11 миллион долларға сауда жасалды.
Бірінші тоқсанда тауар айналымы 1 пайызға төмендеген. Бұл импорттың қысқаруымен байланысты. Кениядан Қазақстанға келетін шай 9,3%-ға, кесілген гүлдер мен бүршіктер шамамен 17%-ға, құрма, інжір, ананас, авокадо, манго жеткізу 41%-ға қысқарған. Ал тұқым, басқа да өсімдіктер, жануарлар импорты керісінше біршама өскені байқалады. Атап өту керек, 2024 жылы арада 42 миллион долларға сауда жасалса, 2025 жылы 52 миллион доллардан асты. Былтыр Қазақстан мен Кения арасында тауар айналымы 23%-ға артты.
Тегтер #Кения #сауда байланысы #тауар айналымы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz