RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық кәсіпорындар АЭС құрылысына қатысады

22.05.2026, 16:19 76

Қазақстан Үкіметі АЭС құрылысы жобаларында жергілікті орнықтыруды дамыту жөніндегі кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды «24KZ».

Ол атом электр станциялары құрылысы жобаларын іске асыру үшін отандық өнеркәсіптік базаны қалыптастыруға бағытталған.

Кешенді жоспарды ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен, мүдделі орталық мемлекеттік органдар және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірледі. 
Құжат халықаралық қауіпсіздік және сапа талаптарын ескере отырып, қазақстандық кәсіпорындарды атом жобаларына қатысуға кезең-кезеңімен дайындауды көздейді.

Жоспар төрт негізгі бағытты қамтиды: нормативтік базаны қалыптастыру, отандық нарықтың қажеттіліктері мен әлеуетін талдау, өндірістерді жаңғырту және құру, сондай-ақ процестерді цифрландыруға арналған жеке блок.

АЭС жобаларын іске асыру сапасын, қауіпсіздігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін енгізу жоспарлануда. Тізілімге енгізілу жобаға қатысудың міндетті шарты болады және білікті әрі сенімді компанияларды алдын ала іріктеуге, отандық өндірушілерді, оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ рәсімдердің ашықтығы мен қатысушыларға тұрақты мониторинг жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Кешенді жоспарды іске асыру атом саласы үшін орнықты өндірістік экожүйені қалыптастыруға, өнеркәсіпке инвестициялар тартуға, өнімнің жаңа түрлерін игеруге және қазақстандық кәсіпорындардың елдің ірі инфрақұрылымдық жобаларына қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz