Шығыс Қазақстанда «Ұлан» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы басталды.
«DOSJAN TEMIR JOLY» АҚ іске асыратын ауқымды жоба еліміздегі жалпыұлттық инвестициялық жобалардың ішіндегі бірегейі. Орталық ірі индустриялық құрылыс-монтаж жұмыстарын жабдықтармен қамтамасыз етеді. Одан бөлек халықаралық агрологистиканы дамытуға серпін береді. Кешенде жоғары класты уақытша сақтау қоймалары мен жүкті тиеп түсіруге арналған, экспедиторлық қызметтің барлық түрі ұсынылады.
«Ұлан» көлік-логистикалық кешенінінің құрылысы өңірде бұрын-соңды болмаған стратегиялық бастама. Мұндағы терминал жылына 20 футтық 32600 контейнерді өткізіп, тәулігіне 25 мың тонна астық сақтап, тией алады. Демек, ірі құрылыс пен аграрлық салаға толық логистикалық және кедендік қызмет көрсетеді. «DOSJAN TEMIR JOLY» АҚ басшылығы мен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов осы салтанатты сәтке орай уақыт капсуласын салды.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
- Жергілікті бизнес өкілдері өздерінің ойларын жаңа жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін жоба болып отыр. Сонымен қатар осының жанынан Жылу Электр орталығын салу жоспарлануда болашақа, сол жылу орталығын салу кезінде осындағы логистикалық база ретінде пайдаланылады.
Кешеннің Алматы-Өскемен тас жолы бойында салынуы бекер емес. Бұнда автожолмен теміржол түйісіп жатыр. Ендеше тасымал жеңілдейді. Орталықта автоматтандырылған замауни қоймалар болады. Яғни кез-келген тауарды сапалы сақтауға ыңғайлы.
Нұрлан Сақ, "DOSJAN TEMIR JOLY" АҚ Басқарма төрағасы:
- Бұл Президенттің былтырғы жолдауында айтылған тапсырмалардың заңды жалғасы десе болады. Ол кезде контейнерлік тасымалды күшейтуге, мультимодалды инфрақұрылымды дамытуға басымдылық берген болатын.
Жобаның алғашқы кезеңі келесі жылы аяқталады. Контейнер терминалы, кеден аумағы мен теміржол тұйығы салынып, жұмыс басталады.
Әсет Қазиев, "DTJ Commerce" ЖШС бас директоры:
- 2030-2032 жылдары біз сұранысқа ыңғайланамыз. Яғни нарық талабына орай терминал немесе қоймалар саны ұлғая береді.
Кешен шетелмен сауданы нығайтып, экспорт әлеуетін арттырады. Сөйтіп, халықаралық деңгейдегі логистикалық хабқа айналады.
Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин
Тегтер #ШҚО #көлік логистика #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz