Астанада жаңа Салық кодексін енгізу мәселесі талқыланды. Жобалық кеңсенің көшпелі отырысы отандық өндірушілердің «Ulttyq ónim – 2026» көрмесі аясында өтті.
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Бизнес өкілдерін электрондық шот-фактуралар, кіріс есебін тапсыру және салық органдарымен жұмыс істеу мәселелері қызықтырады. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмриннің айтуынша, жобалық кеңсе жұмыс істей бастағалы 15 кездесу өтті. Кәсіпкерлерден түскен 80-нен астам хат қаралды. Қазіргі таңда Қазақстанда 2 млн 400 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.
Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:
- Негізгі сұрақтар салықтық әкімшілендіру және салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелеріне қатысты қойылып жатыр. Мысалы, есептілік тапсыру, электрондық шот-фактуралар секілді нақты тәжірибелік мәселелер. Сондай-ақ саяси және жүйелік сипаттағы сауалдар да бар. Мұндай мәселелер Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде қарастырылады. Өйткені біз салық саясатымен айналысамыз. Бұл жердегі әңгіме дәл осы жаңа нормаларды іске асыру туралы болып жатыр. Яғни оларды қалай енгізу керек, қандай қадамдар жасалуы тиіс, салық төлеуші нені және қалай орындауы қажет деген нақты тетіктер талқылануда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #кәсіпкерлер #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz