RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Енді фермерлерге берілетін дизель арнайы түспен белгіленеді

25.05.2026, 09:21 43

Қазақстанда көктемгі егіс науқанына бөлінетін дизель отынына цифрлық және түстік бақылау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды «24KZ».

 Жаңа тетіктер жанармайдың ашық бөлінуін қамтамасыз етіп, оны мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға бағытталған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Жеткізілімдер бекітілген кестеге сай жүзеге асырылып, ведомствоның тұрақты бақылауында.

Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі егіс жұмыстарына арналған 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткен. Жеткізілімдер 1 ақпан мен 30 маусым аралығында жүргізіледі.

Министрлік ұсынған дизель отынының бағасы өңірлердегі жеткізу станциясына дейін ҚҚС-пен бірге литріне 263 теңгені құрайды. Ал соңғы бағаны өңірлік операторлар белгілейді және ол литріне 281 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл орташа бөлшек сауда бағасынан 49 теңгеге немесе 15 пайызға төмен.

Дизель отынының қозғалысын бақылау үшін жеке ПИН-кодтар енгізіліп, жанармайды сары, көк және қызыл түстерге бояу жүйесі іске қосылған. Сонымен қатар электрондық шот-фактуралар жүйесінде арнайы виртуалды қойма құрылған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде дизель отынын мақсатсыз пайдалану көлемі азайған. Нақты тұтыну көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін төмендеп, 21 пайызға қысқарды.

Энергетика министрлігі диқандарды дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz