RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

  СҚО-да жылына 60 мың тонна жоңышқа өңдейтін зауыт іске қосылады

25.05.2026, 17:22 40

Солтүстік Қазақстан облысында жылына 60 мың тоннаға дейін жоңышқа өңдейтін жаңа зауыт іске қосылады, деп хабарлайды, «24KZ».

Құны 5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны «SalarFarm» серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда өндіріс орнының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жоба өңір тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қолға алынған. Кәсіпорын жоңышқаны терең өңдеп, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жоғары сапалы түйіршіктелген жем өндіруге бағытталған.

Мамандардың айтуынша, жоңышқа – ақуызға бай, аминқышқылдық құрамы теңгерімді құнды мал азығы. Түйіршіктелген өнім ұзақ сақталады және мал шаруашылығында тиімді қолданылады.

Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына 60 мың тоннаға дейін өнім өндіріліп, оның негізгі бөлігі ішкі нарыққа және Қытай мен Орталық Азия елдеріне экспортталмақ.

Қазіргі уақытта 3 гектар аумақта зауыт ғимаратының металл конструкцияларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық құбыр тартылып, Германияда өндірілген заманауи технологиялық жабдықтар жеткізілген.

Жобаны іске қосу 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған. Жаңа өндіріс өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz