RU
Толық нұсқаға өту

Латвия Қазақстанға асыл тұқымды ірі қара мал жеткізеді

25.05.2026, 21:33 31

Латвия Қазақстанға асыл тұқымды ірі қара мал жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Латвия бизнес-форумында айтылды. Ол үшін Қарағанды арқылы тікелей әуе рейсі пайдаланылмақ. Ал латвиялық делегация минералды тыңайтқыштарға қызығушылық танытып отыр. Былтыр екі елдің агроөнеркәсіп саласындағы тауар айналымы 51 миллион доллардан асты. Тараптар сондай-ақ ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, ауыл және орман шаруашылығы бағытында бірлескен бастамаларды іске асыруға ниетті. Әкімшілік кедергілерді азайтып, бизнес арасында тікелей байланысты дамытуға ден қоймақ. Бүгінде Латвия делегациясы жергілікті мемлекеттік органдарымен кездесулер өткізіп, тиісті келісімдерге қол қойды.

Янис Ирбе, Латвия Республикасы Климат және энергетика вице -министрі, парламент хатшысы:

- Біз Қазақстанмен одан әрі тікелей әрі тиімді ынтымақтастық жағдайда жұмыс істей алатынымызды көріп отырмыз. Қазақстаннан минералды тыңайтқыштар жеткізуге мүмкіндік бар. Бізбен бірге трейдерлік компаниялар, ауыл шаруашылығы өкілдері мен кооперативтер келді. Олар тіпті арнайы келісімді күтпей, минералды тыңайтқыштарды Қазақстаннан тиеп әкетуге дайын екендерін айтып отыр.

Ермек Кенжеханұлы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Біз өткен жылдың қорытындысы бойынша 750 мың тоннадан астам астық өнімдерін Латвия елінің су порттары арқылы тасымалдаған болатынбыз. Сол себепті бірінші күн тәртібіндегі мәчселе: осы әлеуетті ары қарай дамыту. Латвия тарапы бізге қосымша ұсыныстарын беріп жатыр. Астықты сақтау, оны шет елдерге тасымалдау бойынша ұсыныстарын беріп жатыр. Әрине ол біздің бизнес өкілдері үшін мұның барлығы тиімді. Сонымен қатар әрине біз өз тарапымыздан астық өнімдерін, майлы дақылдарды да экспорттау мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz