RU
Толық нұсқаға өту
Фото:КҚК

Каспий құбыры арқылы жыл басынан бері 25,95 млн тонна мұнай жөнелтілді

26.05.2026, 16:34 232

2026 жыл басынан  бері Каспий Құбыр Консорциумы  Новороссийск маңындағы теңіз терминалы арқылы 206 танкерге 25,95 млн тонна мұнай тиеп жөнелтілген, деп хабарлайды «24KZ» Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-дан астамы Каспий Құбыр Консорциумы  жүйесі арқылы тасымалданады. Негізгі көлемі Теңіз кеніші, Қашаған кеніші және Қарашығанақ кеніші сияқты ірі кен орындарында өндіріледі. Мұнай кейін Новороссийск маңындағы Южная Озереевка терминалында танкерлерге тиеледі.

Консорциум мәліметінше, 2026 жылы қолайсыз ауа райына байланысты теңіз терминалындағы жүк тиеу операциялары жалпы 680 сағатқа тоқтатылған. Сонымен қатар түрлі қауіп-қатерлер салдарынан мұнай жөнелту жұмыстары белгілі бір уақыт аралығында жүзеге аспаған.

Сәуір айында Reuters Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) арқылы мұнай экспорты наурызбен салыстырғанда 5%-ға артқанын хабарлаған еді.

Биыл  Консорциум  мұнай ауыстырып тиеу көлемін 72 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.  Ал, 2025 жылы бұл көрсеткіш 70,5 млн тоннаны құраған болатын.

Каспий Құбыр Консорциумы  басты акционерлері Ресей — 31%, Қазақстан — 20,75%, ал Chevron — 15% үлеске ие. Одан бөлек жеке компаниялар да бар.

Еске салайық, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан 8 млрд доллар көлемінде шикі мұнай экспорттаған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz