Қостанай облысының Ресеймен тауар айналымы биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 1,5 процентке артқан.
Қаржыға шаққанда бұл көрсеткіш 284 миллион АҚШ доллары шамасында. Өңірде бірнеше білескен жоба сәтті жүзеге асырылды. Соның ішінде металл өнімдерін шығаратын Қазақстан-Ресей компаниясы еліміздегі жетекші металлургиялық кәсіпорындардың біріне айналды. Бұл зауыт он жыл бұрын үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған еді. Бірлескен өндіріс орыны жылына 450 мың тонна темір арматура шығарады. Соның 75 проценті ішкі нарықта өткізілсе, қалғаны экспортқа жіберіледі. Жалпы Тобыл өңірінің Ресеймен тауар айналымының басым бөлігін металл және минералды шикізаттар құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне де көрші елден сұраныс жоғары. Әсіресе ет, сүт, макарон өнімдерінің экспорты біршама артқаны байқалады.
Найл Новотеев, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
- Ресей мемлекетаралық қатынаста жақын әріптестердің бірі. Былтыр Қостанай облысының көрші елмен тауар айналымы 1 миллиард 304 миллион АҚШ долларына жетті. Біздің өңірмен алыс-берісте импорттың үлесі басым. Өткен жыл ішінде Ресейден 850 миллион доллардың тауарлары жеткізілген. Ал экспорт көлемі 455 миллион доллар шамасында.
Тегтер #Қостанай облысы #Ресей #алыс беріс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz