Қазақ мұнайының басым бөлігі Ресей арқылы экспортталады. Яғни 93 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы әлемдік нарыққа шығып отыр.
Сондай-ақ Ресей мұнайы Қытайға біздің құбырлар арқылы жол тауып отыр. Ал 2032 жылға дейін мұнай транзитінің көлемін 100 млн тоннаға жеткізу жоспары бар. Бұдан бөлек үш жыл бұрын Өзбекстанға Ресей газын жеткізетін «Орталық Азия – Орталық» құбыры іске қосылды. Ал 2024 жылы «Ресей-Қазақстан-Қытай» газ құбырын салу бойынша жол картасына қол қойылды. Бұл құбырдың өндірістік қуаты 45 млрд текше метр болады деп жоспарланған. Сондай-ақ былтыр қазанда Санкт-Петербордағы халықаралық газ форумда «Есіл-Астана» магистралін салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл магистральмен жеткізілген көгілдір отын еліміздің солтүстік аймақтарын газдандыруға жұмсалады.
Мұнай-газ тасымалы
Каспий құбыр консорциумы – 93%
Мұнай транзиті – 2032 жылы – 100 млн тонна
«Орталық Азия – Орталық» газ құбыры
«Ресей – Қазақстан – Қытай» газ құбыры – 45 млрд м3
«Есіл – Астана» газ құбыры – солтүстік аймақтар
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мұнай #газPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz