RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан – Ресей: Энергетикалық әріптестік күшейеді

29.05.2026, 19:30 34

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеді.

Бұл екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды тетіктерінің бірі. Өзара іс-қимыл отын-энергетика кешенін барлау және өндіру, электр энергетикасы мен ресурстарды тасымалдау секілді кең ауқымды салаларды қамтиды.

Қазақстан Ресей үшін негізгі серіктестің бірі әрі Орталық Азия нарығына шығатын маңызды аймақ саналады. Бүгінде Еуразиялық көлік дәліздері мен логистика ынтымақтастықтың негізі бөлігіне айналып отыр. Бір жылда темір жол арқылы 92 млн тонна жүк тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 3,5% өсім байқалды. Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы шамамен 2 мың тонна жүк өңделді. Екі ел арасында мұнай, газ және электр энергетикасы бағытындағы бірлескен жобалар қарқын алды. Әсіресе энергетикалық қауіпсіздікке және ұлттық жүйелердің тұрақты жұмысына басымдық беріліп жатыр.

Асхат Жапсарбай, халықаралық сарапшы:

- Газ бен мұнай саласына келетін болсақ, Қазақ газ компаниясы ГазПроммен келісімшарттар жүргізіп жатыр. Бұл келісімшарттар бойынша Ресейден Қытайға баратын газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді. Сол жерден солтүстік пен шығыс аймақтарымыз осы газ құбырына қосылады деп ойлаймыз. Шығыс пен солтүстік аймақтарымызға 4-5 млрд текше метр газ қажеттілігі болып тұр. Бәріміз білеміз Ресей Өзбекстан мен Қырғызстанға газ тасымалдап жатыр Қазақстан арқылы. Осының көлемін Ресей ұлғайтамыз деп жатыр. Демек Қазақстан үлкен газ тасымалдау хабына айналады деп ойлаймын.

Мұнай саласында Каспий құбыр консорциумы арқылы экспорт тұрақты сақталып тұр. Газ бағытында өңдеу мен өңірлік транзит бойынша байланыс беки түсті. Мамандардың пікірінше, екі ел арасындағы энергетикалық серіктестік өңір экономикасының дамуына оң ықпал етті.

Асхат Жапсарбай, халықаралық сарапшы:

- Сонымен қатар Қазақстан өзінің сұрақтарын шешеді деп ойлаймын. Ол біріншіден КТК арқылы экспортқа шығатын мұнай. Бұл Ресей арқылы өтетін болғандықтан біз үшін өте маңызды сұрақ. Осыны шешуіміз керек. Бұл тек қана макроэкономикалық үлкен көрсеткіштердің бірі ғана емес, сонымен қатар әлемдегі мұнайды қолданып жатқан мемлекеттер алдындағы борышымыз осыны біз міндетті түрде орындамуымыз керек.

Бүгінде Қазақстан мен Орталық Азия елдері еуразиялық көлік-логистика хабына айналуға барынша бет бұрды. Географиялық артықшылығымыздың арқасында сауда және көлік бағыттары біздің ел арқылы өтіп жатыр. «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің маңызы артып келеді. Бұл бағыт Таяу Шығыс пен Азия елдері үшін алыс-берістің қауіпсіз әрі тұрақты баламасына айналып отыр.

Авторы: Рухани Әбдірахман

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz