RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда шетел қаржысын алған ұйымдардың тізімі жарияланды: 12 млрд теңге кімдерге түсті?

02.06.2026, 17:21 37

Қазақстандық азаматтар мен компаниялар 2025 жылдың екінші жартыжылдығында шетелден 12 млрд теңгеден астам қаржы алған.   Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  алғаш рет шетелден  қаржыландыру  алғандардың   тізімін (реестрін) жариялады, деп хабарлайды  «24KZ» kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Аталған реестрді жариялау – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талап. Ол шетелдік қаржының ашықтығын қамтамасыз ету және оның мақсатты жұмсалуын бақылау үшін енгізілген.

Тізімге  халықаралық ұйымдардан, шетелдік қорлардан, дипломатиялық өкілдіктер мен шетелдік институттардан қаржы алатын ҮЕҰ, қоғамдық қорлар, медиа құрылымдар және құқық қорғау ұйымдары кіреді.

Ең көп қаржыландыру алғандардың қатарында құқық қорғаушылар мен журналистік ұйымдар бар.

Атап айтқанда, құқық қорғау саласындағы ең ірі қаржы алған ұйым – «Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігі. Бұл ұйымға 350 млн теңгеден астам қаржы түскен. Қаржы «Ашық қоғам институты» (Джордж Сорос қоры), SIGRID RAUSING TRUST және National Endowment for Democracy сияқты ұйымдардан берілген. 

MediaNet журналистік орталығы жарты жылда шамамен 300 млн теңге алған. Оның негізгі донорлары – «Ашық қоғам институты», European Endowment for Democracy, The Nippon Foundation және басқа халықаралық құрылымдар.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы 284 млн теңге қаржы алған. Қаржыландыру көздері қатарында Еуропалық комиссия, заманауи журналистиканы дамыту орталығы және АҚШ Мемлекеттік департаменті бар.

«CAPS Unlock» қоғамдық қоры 175 млн теңге алған. Қаржы «Ашық қоғам қоры» және оның құрылымдары арқылы берілген.

«PaperLab» қоры 99 млн теңге алған, донорлар арасында «Ашық қоғам институты» және National Endowment for Democracy бар.

«Әділ сөз» қоры 97 млн теңге қаржы алған, оның ішінде Ұлыбритания және Нидерланд елшіліктері бар.

«Крылья свободы» қоры 61 млн теңге, «Ар Рух Хак» 44 млн теңге, ал «FemAgora» 15 млн теңге көлемінде шетелдік қаржыландыру алған.

Жалпы алғанда, 2025 жылы алғаш рет жарияланған бұл реестр салық заңнамасы мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Сонымен қатар тізілімде алынған қаржының нақты қандай жобаларға жұмсалғаны және соңғы бенефициарлар туралы ақпарат көрсетілмеген.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz