Енді кәсіпкерлер оны толық онлайн түрде, салық инспекторынсыз жаба алады. Егер қарыздар болмаса және барлық талаптар сақталса, жүйе құжаттарды өзі тексеріп, шамамен екі апта ішінде ИП-ны есептен шығарады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл мүмкіндік барлық кәсіпкерге бірдей қолжетімді емес. Ол үшін ИП бірнеше шартқа сай болуы керек: ҚҚС төлеуші болмауы, бірлескен кәсіпкерлікпен айналыспауы, лицензияланатын немесе арнайы қызмет түрлерін атқармауы, салық пен әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы болмауы, банктік шоттары жабық болуы және салық органдарынан орындалмаған ескертулері болмауы қажет.
ИП-ны жабу үшін «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы үш құжат тапсырылады:
қызметті тоқтату туралы өтініш;
тарату (ликвидациялық) салық есебі;
егер касса аппараты болса, оны есептен шығару туралы өтініш.
Өтініш берілгеннен кейін жүйе ИП-ға «тарату сатысында» деген статус береді. 10 күн ішінде бағдарлама қарыздарды, есептілікті және талаптарға сәйкестікті тексереді. Егер бәрі дұрыс болса, өтініш «өңделді» мәртебесін алады, ал тағы үш жұмыс күнінен кейін ИП автоматты түрде тіркеуден шығарылады.
Көбіне бас тартудың себебі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) бойынша қарыз. Кейде ол өтініш берілгеннен кейінгі айда пайда болуы мүмкін.
Сондықтан кәсіпкерлерге 10 күннен кейін жеке шотын тексеру ұсынылады. Егер жаңа қарыз пайда болса, оны тез арада төлеу керек, әйтпесе автоматты жабу тоқтатылып, бүкіл процесс қайтадан басталады.
Тарату есебінде көрсетілген барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдер өтініш берілген күннен бастап 10 күн ішінде төленуі тиіс.
Тегтер #Жеке кәсіпкер #жеңілдіктер #шарттар #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz