RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан – Гонконг: жаңа сауда көпірі

03.06.2026, 11:00 45

Қазақстан мен Гонконг Орталық Азия және Азия-Тынық мұхиты аймағы арасындағы жаңа сауда көпіріне айналады.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Гонконг арнайы әкімшілік аймағының Басшысы Джон Лидің кездесуінде айтылды. Келіссөздер барысында халықаралық сауда жүйесіндегі екі тараптың стратегиялық рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кездесуде алтын саудасы, биржалық инфрақұрылым және қаржылық қызметтер салаларындағы ынтымақтастықты дамыту қаралды. Гонконг басшысы Қазақстанның өңірдегі жетекші алтын өндіруші екенін және халықаралық бағалы металдар саудасында маңызды орын ала алатынын айтты. Оның айтуынша, бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту екі тараптың өндірушілері мен қаржы институттарына тиімді. Өз кезегінде Арман Шаққалиев экспортты қолдау және бизнесті ілгерілету бағытында жүзеге асырылып жатқан құралдарды таныстырды. Бұл жұмыстар QazTrade компаниясы, шетелдегі серіктестік өкілдіктер желісі және сауда үйлері арқылы жүргізіліп жатыр. Минстр сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту мақсатында аталған тетіктерді одан әрі жетілдіруге Қазақстан дайын екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz