Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 10 жылға 250 млрд теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік алады.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесінде мәлім болды. Мұндай шешім агенттіктің сақтандыру және кепілдік беру әлеуеті мен бизнестің экспорттық қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға, шикізаттық емес экспортты қолдау құралдарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Биылдың қорытындысы бойынша Агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелер портфелі 1,2 трлн теңгеге жетпек. Сондай-ақ жиында «Бәйтерек» холдингін орнықты дамыту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, инвестициялық жобаларды асыруға қажетті қаржыландыру мәселелері қаралды.
Тегтер #экспорт #қолдауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz