RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан-Кипр бизнес форумы өтті

03.06.2026, 21:00 25

Кипр мемлекеті Қазақстанмен сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға ниетті.

Ол үшін ел Үкіметі қажетті қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан-Кипр бизнес форумында айтылды. Алқалы басқосуға 70-тен астам бизнес өкілі қатысты. Тиімді уағдаластық орнатуға қос тарап  құлық танытып отыр. Осы ретте Премьер-министр Олжас Бектенов ұзақмерзімді байланыстарды нығайтатын, экономиканың әлеуетті бағыттарын тілге тиек етті. Әсіресе көлік-логистика саласының мүмкіндіктері айрықша атап өтілді. Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстан, өңірлік хаб рөлін нығайтып, Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 80% астамын қамтамасыз етеді. Ал Кипр Шығыс Жерорта теңізіндегі кеме қатынасы және кемелерді басқару саласында тәжірибесі мол. Бұл екі ел, халқы мен бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Форумда сондай-ақ Қазақстанмен алғашқы тікелей әуе рейсінің іске қосылуы, цифрлық технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, азық-түлік қауіпсіздігі секілді салаларда серіктестікті тереңдету жайы талқыланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz