RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

1,2 миллион теңге: декреттік төлемнің орташа мөлшері белгілі болды  

04.06.2026, 12:12 41

 Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге төленетін жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 1,2 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды «24KZ».

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл төлем әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына қарай есептеледі. Әлеуметтік төлем жүктілік пен босануға немесе жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда беріледі.

Сонымен қатар мемлекет балалы отбасыларды қолдау үшін бірқатар жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді ұсынады.

Бала дүниеге келген кезде төленетін біржолғы жәрдемақы мөлшері:

бірінші, екінші және үшінші балаға – 164 350 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік төлем төленеді. Оның көлемі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Қазіргі таңда бұл төлемнің орташа мөлшері 86 062 теңгені құрап отыр.

Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға ай сайын 81 871 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

Көпбалалы отбасыларға да мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіледі. Төрт баласы бар отбасылар ай сайын 69 330 теңге алса, бес баласы барларға – 86 673 теңге, алты баласы барларға – 104 017 теңге төленеді. Жеті және одан да көп баласы бар отбасыларға ай сайын 121 360 теңге көлемінде жәрдемақы қарастырылған.

Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне қосымша мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Бүгінде ел бойынша 630 мыңнан астам отбасы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақымен қамтылған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz