Бүгіннен бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткіліктілік шегін (ЖТШ) есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді. Ол ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы қаулысымен бекітілген, деп хабарлайды «24KZ».
Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналинаның айтуынша, жаңа шектер жарияланғаннан кейін кейбір салымшылар БЖЗҚ-дан бұрынғыға қарағанда аз сома ала алады, ал кейбіреулер зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану құқығынан уақытша айырылуы мүмкін.
Қазақстандықтардың бір бөлігі үшін бұл тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалануға болатын соманың азаюын білдіруі мүмкін. Алайда бұл өзгерістің логикасы түсінікті: зейнетақы жинақтары – жай ғана шоттағы бос ақша емес, адамның зейнетке шыққаннан кейінгі болашақ табыс көзі, – дейді сарапшы.
БЖЗҚ бағалауынша, бұрынғы әдістеме бойынша зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын алғаннан кейін де тұрақты жарналар төленіп отырса, болашақ жинақтаушы зейнетақы қазіргі бағамен шамамен 50 мың теңгені құрауы мүмкін еді. Бұл күнкөріс минимумына жуық және қазіргі медианалық жалақының 15%-ынан да аз.
Енді жеткіліктілік шегі қаражатты алғаннан кейін қалатын формалды қалдық ретінде емес, болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге қажетті капитал ретінде есептеледі. Есептеу барысында салымшының жасы, зейнетақы алу кезеңінің болжамды ұзақтығы, зейнетақы активтерінің табыстылығы, төлемдердің индексациясы және демографиялық көрсеткіштер ескеріледі.
Модельде зейнетақы активтерінің жылдық табыстылығы 9%, ал болашақ төлемдердің индексациясы 8% деңгейінде қарастырылған, – дейді Жаналина.
Оның пікірінше, мемлекет бүгін қанша қаражатты пайдалануға болатынын ғана емес, сонымен қатар болашақта лайықты табыс алу үшін зейнетақы шотында қандай сома қалуы керектігін де ескеруге тырысып отыр.
Бағдар ретінде Халықаралық еңбек ұйымы ұсынатын табысты алмастыру коэффициентінің халықаралық стандарты – кемінде 40% алынған. Мысалы, 2026 жылдың І тоқсанындағы Қазақстандағы медианалық жалақы 331 527 теңге болса, бұл көрсеткіш айына шамамен 132,6 мың теңгеге сәйкес келеді,– дейді қаржыгер.
Зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын алудың негізгі тәуекелі – күрделі пайыз әсерінен айырылу.
35–40 жасында қаражатты шешіп алған адам тек негізгі соманы ғана емес, сонымен қатар сол қаражаттың келесі 20–25 жыл ішінде әкелуі мүмкін инвестициялық табыстан да айырылады.
Яғни жеткіліктілік шегі – бүгінгі қажеттіліктер мен болашақтағы қаржылық тұрақтылық арасындағы шекара.
Белгілі болғандай, 2021–2025 жылдар аралығында қазақстандықтар БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын жалпы 5,66 трлн теңге алған.
Сарапшының пікірінше, егер бұл қаражат тағы 20 жыл бойы зейнетақы жүйесінде жұмыс істеген болса, жүздеген миллиард теңге көлемінде қосымша инвестициялық табыс әкелуі мүмкін еді.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #БЖЗҚ #Qazaq Expert ClubТіпті консервативті сценарий бойынша нақты табыстылық жылына 0,4% болса, қосымша табыс шамамен 470 млрд теңгені, ал нақты табыстылық шамамен 1% болған жағдайда 1,2 трлн теңгеден астам соманы құрауы мүмкін, – деп түйіндейді Венера Жаналина.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz