Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 17,00% деңгейінде, ±1 пайыздық тармақ дәлізімен белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».
Ведомство мәліметінше, бұл шешім инфляцияның баяулауы мен макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруы ескеріліп қабылданған. Мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,4%-ды құрап, бір ай ішінде 0,7%-ға дейін төмендеген.
Азық-түлік, тауарлар мен қызметтер бағасының өсу қарқыны біртіндеп бәсеңдеп келеді. Теңге бағамының нығаюы мен ішкі сұраныстың тұрақтануы да инфляцияның төмендеуіне ықпал еткен.
Ұлттық Банк инфляция 2026 жылы бір таңбалы деңгейге жақындайды деп күтеді. Ал 2027–2028 жылдары ол 5%-дық мақсатты деңгейге біртіндеп тұрақтанады деп болжануда.
Сонымен қатар, 2026 жылға арналған экономикалық өсім болжамы 4,5–5,5% деңгейіне дейін жақсарған.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2026 жылғы 24 шілдеде жарияланады.
Тегтер #Ұлттық банк #ақша саясаты #базалық мөлшерлеме #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz