Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% деңгейінде белгіледі.
Жылдық инфляция баяулап келеді. Былтырғы қыркүйектегі ең жоғары мән 12,9% болса, мамырда 10,4%-ға жетті. Азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеген. Бұған жеміс-жидек пен көкөніс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жекелеген импорттық тауарлар бағасы өсімінің баяулауы себеп дейді мамандар. Ал азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсу қарқыны бұрынғы деңгейде қалды. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 24 шілдеде жарияланады.
Тегтер #Ұлттық банк #базалық мөлшерлеме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz