RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

 34 млрд теңге қарыз: Алматыдағы борышкер тұрғын үй кешендерінің тізімі шықты

05.06.2026, 16:17 51

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясы үшін қарызы бар тұтынушыларға қатысты шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды «24KZ».

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның энергиямен жабдықтау жөніндегі филиалының мәліметінше, 2026 жылғы 8 маусымнан бастап электр энергиясы үшін берешегін өтемеген тұтынушыларды жарықтан ажырату жұмыстары басталады.

Компания дерегіне сәйкес, Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындары мен заңды тұлғаларының электр энергиясы үшін жалпы берешегі 34 млрд теңгеге жеткен. Энергетиктердің айтуынша, бұл жағдай энергиямен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қара тізімдегі ең ірі борышкерлер

Берешегі 100 млн теңгеден асатын тұрғын үй кешендері:

  • «Алма Сити» – 306,2 млн теңге;
  • «Шұғыла» – 175,4 млн теңге;
  • «Жас Қанат» – 122,9 млн теңге;
  • «Алатау Сити» – 105,4 млн теңге.

Берешегі 40-85 млн теңге аралығындағы тұрғын үй кешендері:

  • «Кристалл» – 82 млн теңге;
  • «Адель» – 73,6 млн теңге;
  • «Alem City» – 71,6 млн теңге;
  • «Qargaly City» – 54,6 млн теңге;
  • «12 ай» – 48,6 млн теңге;
  • «Мирас» – 40,6 млн теңге.

Қарызы бар танымал тұрғын үй кешендері:

  • Esentai City – 32,2 млн теңге;
  • Dragon City – 30,7 млн теңге;
  • «Абай үйі» – 28,7 млн теңге;
  • «Өжет» – 26,3 млн теңге;
  • «Алтын Бұлақ-1» – 22,8 млн теңге;
  • Ерменсай шағынауданы – 18,6 млн теңге;
  • AFD Plaza – 15,3 млн теңге;
  • «Хан Тәңірі» – 14,6 млн теңге;
  • 13-шағынаудан – 12,6 млн теңге;
  • «Амаль» – 10,3 млн теңге.

Тізімнің соңында 9,1 млн теңге берешегі бар Rams Luxury тұрғын үй кешені тұр.

Алматы облысындағы ірі борышкерлер

Алматы облысында ең көп қарыз жинаған заңды тұлғалардың қатарында:

  • «Domus Qazagstan» ЖШС – 93,5 млн және 37,2 млн теңге;
  • «Newgen Electrical» ЖШС – 67,3 млн теңге;
  • «Semireche» ЖШС – 36 млн теңге;
  • «Exclusive Home 2» ЖШС – 23,5 млн теңге;
  • «Star Land» ЖШС – 20,4 млн теңге;
  • «Аэропортная 58» МИБ – 17,6 млн теңге;
  • «Aspan City» ЖШС және «Компания ТехСервис» ЖШС – әрқайсысы 15,3 млн теңге.

Энергиямен жабдықтаушы ұйым мүлік иелері бірлестіктерін, пәтер иелері кооперативтерін және басқарушы компанияларды қарыздарды уақытылы өтеуге шақырды. Компания өкілдерінің айтуынша, тұрғындардан жиналған қаражат жеткізуші ұйымға аударылмаған жағдайда сот арқылы өндіріп алу және электр энергиясын беруді шектеу шаралары қолданылуы мүмкін.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz