RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда пластик қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорын іске қосылды

06.06.2026, 16:33 65

Атырауда пластик өнімдерді қайта өңдейтін жаңа кәсіпорынның алғашқы кезеңі іске қосылды.

Жаңа зауыт тәулігіне 20 тонна ал, жылына 6 мың тонна штапельді талшық өндіреді. Өнім пластикалық бұйымдарды ұнтақтап, терең өңдеу арқылы өндіріледі. Қазір кәсіпорынның алғашқы кезеңі іске қосылды. Шығарылған материал өңірдегі газ химиясы кешеніне шикізат есебінде жіберіле бастады. Жоба толық аяқталғанда жылына 7 мың тоннаға дейін штапельді талшық шығарылатын болады.

Шыңғыс Бейсенбайұлы, зауыт директоры:

- Жобалық құны зауыттың 2 млрд теңге. Оның ішінде 20 пайызы жеке инвестордың қаржыландыруымен және 80 пайызы өнеркәсіпті дамыту қорынан қаржыландырылып отыр. Құрылғыларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айында зауытты толықтай іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz