Үкімет тауар өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында және делдалдық схемаларды жою бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Өңірлерде бағаға елеулі ықпал ететін 63 ірі базар анықталды. Осыған байланысты Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы ірі сауда нысандарын аралады. Министр тасымалдаушылармен, кәсіпкерлермен және базар әкімшілігімен кездесті. Сауда инфрақұрылымын дамыту, кедендік рәсімдерден өту, фитосанитарлық бақылауды жетілдіру және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері талқыға түсті. Премьер-Министрдің сауда саласында тәртіп орнату және өнімсіз делдалдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елордада баға тұрақты. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жұмыс жалғаса береді. Биыл осындай дерек бойынша 1 млн 600 мыңнан астам қаулы шығарылды. Жалпы құны 52 млн теңгенің айыппұлы салынды.
Тегтер #Астана #азық түлік бағасы #Арман Шаққалиев #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz