2026 жылдың шілдесінен бастап OPEC+ құрамындағы жеті мемлекет мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл шешімге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдері қолдау білдірді.
Келісімге сәйкес белгіленген квота:
Қазақстан - тәулігіне 1,608 млн баррель;
Сауд Арабиясы - 10,353 млн баррель;
Ресей - тәулігіне 9,824 млн баррель.
ОПЕК + мәлімдемесінде елдер нарықтағы жағдайды бақылауды жалғастыратыны және қажет болған жағдайда шешімдерді қайта қарайтыны айтылған. Қатысушы елдердің келесі отырысы 2026 жылғы 5 шілдеге жоспарланған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қазақстан #мұнай #экономика #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz