Премьер-министр Астана қаласында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Үкімет басшысы логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды аралады. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, елорданың еліміздің жетекші іскерлік орталықтарының бірі ретіндегі ролі нығайып келеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде өңірлік өнім көлемі 19 триллион теңгеге жуықтады. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі жөнінен республика бойынша бірінші орында. Бұған биылғы төрт айда 580 миллиард теңгеден астам инвестицияның тартылуы дәлел. Оның 80 пайызы жеке инвестицияларға тиесілі. Сондай-ақ бүгінде Астанада 250 мыңға тарта шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Сәйкесінше шамамен 560 мың адам жұмыспен қамтылған. Осылайша, аталмыш саланың қала экономикасына қосқан үлесі рекордтық деңгейге – 66 пайызға жетіп отыр. Биыл тағы 26 өнеркәсіптік жоба іске қосылмақ.
Тегтер #Астана #инвестиция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz