RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Бюджетке 50 миллиард түседі: Қазақстанда кальянды заңдастыру ұсынылды

10.06.2026, 15:28 45

Қазақстанда кальян бизнесін лицензиялап, заң аясына шығару қажет. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды «24KZ».

Қаржы министрі қорқорға салынған тыйымды жеңілдетуді қарастыратын жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді.

«Бүгінде бізде қорқорға тыйым салынған, сондықтан олардың нақты санын есептеу мүмкін емес. Бірақ біз оларды лицензиялау керек деген ұстанымдамыз, өйткені олар бәрібір бар», – деді Мәди Такиев.

Министр нәтижесіз күрестің орнына мемлекетке бұл секторды заңдастырып, кальян орталықтарының иелерін салық төлеуге міндеттеу тиімдірек екенін айтты. Қаржы министрлігі заңдастырудан түсетін ықтимал пайданы да есептеп қойған.

«Олардан бюджетке төлем өндірген дұрыс. Біздің есебімізше, қосымша түсім шамамен 50 миллиард теңге болады», – деді министр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz