Үкімет халықтың проблемалық берешегін реттеу және қарыз алушыларды қорғауды арттыру жөнінде тиісті жоспар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин айтты.
Бүгінде мерзімі өткен берешек тәуекелдері 6,5% деңгейінде сақталуда, ал несиелердің жоғары құны көптеген отбасылар үшін айтарлықтай ауыр жүктеме болып отыр.
Шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу әдістемесін қайта қарау, қаржы ұйымдарының жосықсыз тәжірибелеріне бақылауды күшейту және әлеуметтік осал топтағы азаматтардың жекелеген санаттары үшін банкроттық рәсімдерін жеңілдету ұсынылып отыр,- деді Азамат Әмрин
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #үкімет #экономика #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz