Женевада алғаш рет Қазақстанның шикізат саласына арналған "KAZAKHSTAN COMMODITY FORUM" халықаралық форумы өтті.
Іскерлік алаңға 200-ге жуық адам қатысты. Басқосуға әлемдік трейдинг компаниялардың жетекшілері, қаржы ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар қатысты. Жиында Қазақстанның жаһандық шикізат нарығындағы ролін күшейту мәселесі талқыланды. Еліміз уран өндіру және стратегиялық маңызы бар шикізат экспорты бойынша әлемдегі жетекші мемлекеттердің қатарында. Өткен жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 144 миллиард долларға жуықтады. Форум аясында қатысушылар Еуропа мен Азияны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетіне ерекше тоқталды. Іс-шара Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен өтті.
Қайрат Төребаев, Қазақстанның ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі:
- Женева әлемдік трейдинг орталықтардың бірі саналады. Қазақстанға арналған осындай алаң құру идеясы бір жыл бұрын туған еді. Бүгінде форумға трейдинг саласындағы 200-ге жуық жетекші халықаралық ұйымның өкілдері жиналды. Олар Қазақстанға инвестиция тарту, көлік-транзит мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылауда.
Тегтер #Қазақстан #Швейцария #шикізат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz