Еліміздің Қаржы министрлігі Кәсіпкерлердің бірыңғай жеке кабинетін қолданысқа енгізді.
Мұны вице-министр Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады. Оның айтуынша, енді бизнес өкілдері ведомствоға қатысты барлық мемлекеттік қызметті осы кабинеттен ала алады. Жоба 7 ақпараттық жүйені біріктірді. Мәселен, салық және кедендік нысандар автоматты түрде толтырылып, хабарландырулар бір жерге келіп түседі. Кәсіпкерлер осы кабинет арқылы қажетті техникалық қолдауға да қол жеткізе алады. Жыл соңына дейін бағдарламаға тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қаржы министрлігі қолданушылар тарапынан жобаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды қабылдауға дайын.
Әсет Тұрысов, ҚР қаржы вице-министрі:
- Жеке кәсіпкер электронды сатып алуға кіру үшін бір порталға кіреді. Салық тапсыру үшін басқа кабинетке кіреді. Енді бұл жеке кабинет арқылы бір рет кіріп, авторизация алып, бүкіл жеке кабинеттерге кіруге мүмкіндік береді. Бұл жеке кабинетке барлық ақпараттық жүйелер сол кабинетпен айналысады.
Тегтер #кәсіпкер #жеке кабинет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz