Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.
Құжат азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және тұрғындардың кірісін молайтуға бағытталған. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин кешенді жоспар алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтитынын жеткізді. Өңірлік нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу тетігін күшейту үшін әкімдіктер халықтың табысын арттырудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі, - деді Азамат Әмрин.
Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:
- Үкімет халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы қаулы қабылдады. Айта кетерлігі, бұл жаңартылған бағдарлама. Өздеріңіз білесіздер, ол алғаш рет 2022 жылы қабылданған. 2023 жылы біз оны өзектендірдік. Бағдарлама іске асырылған 4 жылдың ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 миллионнан 2,2 миллионға дейін өсті. Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандардың саны 4,1 миллионнан 4,5 миллион адамға дейін,, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 49 пайызға дейін артты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #халық табысы #экономика #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz