RU
Толық нұсқаға өту

О. Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты

17.06.2026, 15:05 68

Қазақстан Орталық Азияның экономикалық әлеуетін ашу мақсатында өңір елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді қолдайды.

Ташкентте өтіп жатқан бесінші халықаралық инвестициялық форумға қатысқан Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. Ол еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға баса мән беріліп жатқанын және 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасының жаңартылғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек Үкімет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіп кооперациясын кеңейту, көлік-логистика және туризм мен энергетика секілді бағыттарда ынтымақтастықты арттыру мәселесі сөз болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz