RU
Толық нұсқаға өту

Алматы мен Дубай арасында енді жүк таситын ұшақтар қатынайды

17.06.2026, 16:58 52

16 маусымда Дубай – Алматы бағыты бойынша Boeing 777F ұшағы алғашқы жүк тасымалын жасады, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, алғашқы жүк рейсін орындаған ұшақ авиациядағы дәстүр бойынша су доғасымен қарсы алынған. Қызметкерлер экипаж мүшелерін салтанатты түрде күтіп алып, тұсаукесер рәсімін өткізген.

Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша апталық жүк рейстері әр сейсенбі күні орындалады. Әуе компаниясы аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл Алматы мен халықаралық нарықта электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және басқа да тұтыну тауарларын қоса алғанда, әртүрлі жүк түрлерін тиімді әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады әуежайдан.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz