RU
Толық нұсқаға өту

ЕАЭО: күмәнді карго артта қалды

19.06.2026, 08:11 48

Шетелден келетін тауар қымбатқа түсуі мүмкін. 

ЕАЭО-тың кеден кодексіне сәйкес маркетплейстен алынған тауар құны 200 еуродан асса, қосымша кедендік салық пен қосылған құн салығы қоса жүреді. Жаңа талап келесі айда күшіне енеді. 

Жалпы онлайн сауда нарығы жылдан-жылға жетіліп келеді. Логистика ғана емес, IT, финтех және қызмет көрсету бағытында жаңа жұмыс орындары құрылды. Салық базасы артты. Ең бастысы, орта және шағын бизнес өнімін үлкен нарыққа шығара алатын болды. Сарапшылар: «Уақыт өткен сайын онлайн саудада әділ бәсеке орнайды», - дейді. Экономика жаңалықтарының шолушысы Мерей Мұратханқызын тыңдайық.

ЕАЭО-да онлайн тауарлар дербес кедендік рәсімдеуден өтеді, сондай-ақ әр өнімді есепке алу режимі енгізіледі. Жаңашылдық арқылы одақ елдерінің бюджетін қосымша салық түсімдерімен қамту көзделеді. Сөйтіп, 1 шілдеден бастап, алымды тапсырыстың толық кедендік құнына қарай төлейсіз. Ал 31 келілік салмақ лимиті алынып тасталады. Яғни тапсырыс құны 200 еуродан асса, оған 5% бірыңғай кедендік төлем және 16% ҚҚС есептеледі. Мұны өнімнің бағасынан байқайсыз. Ал алым-салымды өтемейінше, шетелден келген тауарыңызды ала алмайсыз. Qazaq Expert Club сарапшысы Раушан Тасшойынова мұндай өзгерістер жергілікті сатушылар мен жаһандық маркетплейстер арасындағы алшақтықты азайтатынын айтады. Өйткені жеткізу жылдамдығы, кепілдік және сервис арқылы ғана емес, баға бойынша да әділ бәсекелесуге мүмкіндік туады.

Раушан Тасшойынова, Qazaq Expert Club сарапшысы:

- Бүгінде қазақстандық бизнес тауарларды импорттау, кедендік рәсімдеу, қоймада сақтау, ел ішіндегі логистика, заңнама талаптарын сақтау және салықтық әкімшілендіру бойынша шығындар көтереді. Ал дәл сондай тауарды көп жағдайда шетелдік маркетплейстер арқылы арзанырақ бағамен тікелей тапсырыс беруге болады. Сондықтан кәсіпкерлер қауымдастығы ұзақ уақыттан бері бәсекелестік шарттарының тең емес екенін айтып келеді. Жаңа тәртіп бұл айырмашылықты толық жоймайды, бірақ оны қысқартуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz