Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық реттеу, сыртқы сектор статистикасы және бухгалтерлік есепке қатысты бірқатар қаулыларға өзгерістер енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Жоба аясында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде бірқатар терминдерді жаңарту қарастырылған. Атап айтқанда, орыс тіліндегі мәтіндерде «тенге» сөзі «теңге» түрінде жазылады. Сонымен қатар «шетелдік» деген сөздер «шетелдік азамат» деп, ал «ақпараттық жүйелер» тіркесі «цифрлық жүйелер» деп ауыстырылады.
Ұлттық Банк мәліметінше, бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Цифрлық кодексіне сәйкестендіру мақсатында енгізіліп отыр. Сондай-ақ құжаттардың құқықтық және тілдік бірізділігін қамтамасыз ету көзделген.
Жоба бойынша өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, ал Цифрлық кодекске қатысты нормалар 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданылады.
Маңыздысы, «теңге» атауының өзі өзгермейді — тек орыс тіліндегі ресми мәтіндерде жазылу нұсқасы қазақ тілінің нормасына сәйкес «теңге» болып бекітіледі. Бұл талап жаңа құжаттарға ғана қолданылады, бұрын қабылданған актілер қайта қаралмайды.
Бұған дейін де Ұлттық Банк ішкі құжаттарда осындай тәжірибені қолданған. Енді бұл норма фискалдық заңнама деңгейінде бекітіліп, ресми құжат айналымында міндетті стандартқа айналмақ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #теңге #Ұлттық банкPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz