RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында «Әйел және Бизнес: Жаңа дәуір» форумы өтті

24.06.2026, 21:36 46

«Әйел және Бизнес: Жаңа дәуір». 

Алматы облысында осындай атаумен іскер әйелдер форумы өтті. Ауыл-аймақты дамыту және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шараға 300-ге жуық делегат қатысты. Басым бөлігі өз кәсібін бастаған жандар. Қазір өңірде 160 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Соның 70 мыңы әйелдерге тиесілі. Жиналғандар бизнесті дамытуға қатысты пікір алмасып, маңызды мәселелерді ортаға салды. Форумды Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.

Фариза Молдабергенова форумға Алматы облысының Райымбек ауданынан келді. Өзі көп балалы ана. Күзге қарай өзі тұратын Қайнар ауылынан кофехана мен кондитерлік цех ашпақшы. Бас кезінде үйінде тәттілер пісіреді. Кейін тапсырыс жақындағы ауыл-аймақтан, тіпті Алматыдан түсе бастаған. Сөйтіп, осы шаруаны қолға алған. «Бір ауыл-бір өнім жобасына» қатысып  5 млн теңге грант иегері атанған.

Фариза Молдабергенова, кәсіпкер:

- Бізде кофейня жоқ, кафе жоқ. Сол үшін ауылдан кофейня мен кондитерлік цех ашқым келді. Ішін жаңағы әдемілеп бір шетіне кітаптарды қойып әйелдер сырласып әңгімелесіп отыратындай уют создавать еткім келді әйелдерге сол себепті осы бизнесті қолға алдым. 

Алматы облысында Фариза сияқты шағын кәсібін айналдырып отырған әйелдер өте көп. Қазіргі заман жаңа дағдыларды талап етеді. Сондықтан цифрландыру, жасанды интеллект құралдарын пайдалану және жаңа нарыққа шығу әрбір кәсіпкер үшін маңызды.

Ләззәт Ботабекова, облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Атамекен ҰКП қолдауымен солардың берген қолдауымен соның арқасында олар кәсібін дамытады. Олар сол жерден қайтарылмайтын гранттар алады және аз мөлшерлі пайызбен несиелер алады. Сөйтіп, өздерінің кәсібін дамытады. Кәсіпорын ашады және жұмыс орындарын ашады. Өзі сияқты басқа әйелдерге жұмыс береді.

«Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» форумының көздегені де осы. Өңірдегі әйелдердің кәсібін дамыту. Мұндай басқосулар жаңа бастамалардың туындауына, іскерлік байланыстың нығаюына ықпал етеді.

Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz