Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған жаңа онлайн сервис іске қосылды деп хабарлайды «24KZ».
Енді жеке кәсіпкерлікті (ЖК) жабу немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) тарату үшін мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.
Қаржы министрлігі «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» (КБЖК) порталында «Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату» жаңа сервисін, сондай-ақ ЖШС жеңілдетілген тәртіппен тарату жөніндегі электронды қызметті іске қосты.
Барлық рәсім «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер өтініш беріп, оның қаралу барысын бақылап, нәтижесін электронды түрде ала алады.
Жаңа қызмет уақытты үнемдеп, құжат рәсімдеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ол әзірге жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолжетімді, ал болашақта басқа санаттағы кәсіпкерлерге де ұсынылады.
Тегтер #кәсіпкер #онлайн #сервис #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz