ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы баяндады, деп хабарлайды «24KZ».
«Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері, жоспардың 99%-ына орындалып, 21,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн. теңгеге жетті. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті», — деді Мәди Такиев.
Министрдің айтуынша, бюджет шығыстары да 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Оның ішінде әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бағытталған.
«Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды.Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады. Жалпы алғанда бюджет, әлеуметтік бағдарланған болып қала береді», — деп атап өтті қаржы министрі.
Әлеуметтік шығыстардың ішінде зейнетақы мен жәрдемақыларға – 5,9 трлн теңге, ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #бюджетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz