Елдің IT-қызметтерінің экспорты 1 млрд 100 млн доллардан асты.
Былтырғы көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскен. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депутат сауалына осылай жауап берді. Биыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы бағытта Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданып, цифрлық трансформациялау мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Қазақстандық IT-компаниялар жаһандық нарықта табысты бәсекеге түсіп, елге валюталық түсімнен бөлек жоғары жалақы төленетін жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп жатыр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
«Деректерді өңдеу орталықтары» алқабы атты жоба Павлодар облысында жүзеге асырылып жатыр. Біз бұл жобаға үлкен үміт артамыз. Жақында біз американдық Firebird компаниясымен келісім-шартқа қол қойдық. Ол компанияның басты серіктесі бүкіл әлемге танымал NVIDIA компаниясы. Сондықтан біз бұл компанияларды сенімді серіктестеріміз ретінде қарастырып жатырмыз. Жалпы тек қана осы Firebird компаниясы тарапынан инвестиция көлемі $10 млрд жуық. Бұл өте ауқымды көлем.
Тегтер #Қазақстан #IT қызмет #экспорт #24KZ #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz