Әлемнің Орталық банктері алтын қорын ұлғайтты.
The Conversation басылымының дерегі бойынша, оның көлемі 36 мың тоннадан асқан. Бұл 1976 жылдан бергі рекорд. 2022 жылы Ресейдің Украинамен арадағы соғысынан кейін алтынның қадірі артты. Өйткені аумалы-төкпелі заманда қордағы алтын көп түйткілдің түйінін тарқатуы мүмкін. Әсіресе сол елдің ұлттық валютасына тірек болары сөзсіз. 2024 жылы алтынның халықаралық резервтегі көлемі 20 пайыз болса, былтыр бұл көрсеткіш 27 пайызға дейін өсті. Ал АҚШ облигацияларының үлесі керісінше 26-дан 22 пайызға дейін қысқарған. Кейінгі 4 жылда Орталық банктер жылына 1 мың тоннадан алтын сатып алған. Бұл алдыңғы 10 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сондай-ақ алдағы 5 жылда Орталық банктердің жартысының жуығы қордағы алтынды ұлғайтуға ниетті.
Тегтер #орталық банк #алтын қор
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz