Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылған сәттен бері оның қызметін 3,1 миллион жолаушы пайдаланды, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жүйенің орташа тәуліктік жолаушылар ағыны – шамамен 70 мың адам. Бұл көрсеткіш оның елорда тұрғындары мен қонақтары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Tarlan Astana елордадағы қоғамдық көліктің негізгі түрлерінің біріне айналып, жолаушыларға жылдам, жайлы әрі қолайлы қатынау мүмкіндігіне айналып келеді.
Айта кетейік, елордада Tarlan Astana жобасының Қосшы бағытына арналған екінші кезеңін іске асыру жұмысы да басталды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астана LRT #жолаушы тасымалы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz