RU
Толық нұсқаға өту

Ет өнімдерінің экспорты 2,5 есе артады

30.06.2026, 11:50 73

Биыл мал шаруашылығын субсидиялауға 117,6 млрд теңге жұмсалады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл қаржының елеулі бөлігі сүтті және етті ірі қара шаруашылығын, ет бағытындағы құс шаруашылығын және қой шаруашылығын дамытуды көздейді. Жалпы бұған дейін 2026-2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданған еді. Құжат саланы дамытуға қосымша серпін беруге тиіс. Соған сай 2030 жылға қарай елдегі ірі қара мал басын 12 млн-ға, ұсақ малды 28 млн-ға жеткізу көзделген. Ал ет өнімдерінің экспорты 2,5 есе артады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz